Қ. Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен Шымкентте бейресми кездесу өткізді.

Тараптар екі ел арасындағы одақтастықты нығайту мәселесін талқылады. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтыр желтоқсанда Ташкентке жасаған мемлекеттік сапарында қол жеткізген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын қарады. Кездесуде сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселесіне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, өзара тауар айналымын арттыру, инвестиция тарту, өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика салаларындағы қарым-қатынастарды дамыту жайында сөз болды.