Respublica партиясы Петропавл қаласының халқымен кездесіп, өз тұғырнамаларын таныстырды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Сайлаудың қоғамдағы маңызы мен мән-мағынасы турасында әңгіме өрбіді. Ал жиналған тұрғындар əлеуметтік мəселелер, көпбалалы және əлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қолдау, табысы төмен тұрғындардың жалақысын арттыру мəселелеріне қатысты өз сауалдарын қойды. Партия мүшелері тұрғындар сауалына жауап беріп, сайлау науқаны жайлы толыққанды мағлұмат берді. Ұйымның үгіт-насихат жұмыстары мұнымен тоқтамайды. Алдағы уақытта басқа өңірлерде кездесулер ұйымдастырылады.
