Қазақстан Халық партиясының республикалық сайлауалды штабы Ақтау қаласына барды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Облыс орталығында соңғы кезде жаңа ғимараттар көптеп бой көтеріп, қаланың келбеті өзгерген. Кандидаттар сол құрылысты жүргізіп жатқан компаниялардың бірінде болды. Мекеме жергілікті нарықта 10 жылға жуық жұмыс істеп келеді. Негізінен көпқабатты тұрғын үй салуға машықтанған. Саяси ұйым өкілдері компания жұмысымен танысып, кеңседегі мамандармен тілдесті. Сонымен қатар сайлауалды бағдарламаның мән-жайын баяндап, көтерілген сұрақтарға жауап берді.
Бекіш Күбіков, «Қазақстан Халық партиясы» ҚБ мүшесі:
- Күнделікті штаб мүшелері мен үміткерлер тек қаламен шектеліп қалмай, аудан орталықтарында, ауылдық жерлерде әртүрлі ұжыммен кездесу және үгіт-насихат өткізіп жатыр.
