5 наурыз – Алаш қайраткері Әлихан Бөкейханның туған күні. Осыған орай «Байтақ» жасылдар партиясының басшылығы мен саяси құрылым өкілдері «Алаш» қозғалысы көшбасшыларына арналған ескерткіш маңына жиналып, тарихи тұлғалардың рухына тағзым етті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Елордада өткен іс-шараға қаладағы қоғамдық қорлардың бірі мұрындық болды. Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы және Міржақып Дулатұлы сынды ұлтымыздың ұлы тұлғаларына арналған ескерткіш 2021 жылы жазда ашылған болатын. «Байтақ» партиясының республикалық және өңірлік штабтары кестеге сай жұмыс істеп жатыр.
Азаматхан Әміртаев, «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы:
- Үгіт-насихат әр аймақта, әр өңірде халықпен кездесіп, жұмыстар жүріп жатыр. Осындай қыруар жұмыстардың аясында біз арнайы алаштықтарға тағзым етіп келіп отырмыз.
