Ақжолдықтар Абай облысына барып, еліміз үшін экономикалық маңызы бар өңірдің өндірістік кешенімен танысты.
Сапар барысында партия өкілдері бірқатар жергілікті кәсіпорынды аралап, семейлік кәсіпкерлермен кездесті. Сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Алдымен тұқым өңдеу зауытында еңбек ұжымымен кездесу өтті. Жұмысшыларды мазалаған сұрақтар кеңінен талқыланды. Сапар соңында автобустар мен фургондар жиналатын автоқұрастыру зауытына барды. Онда 500-ге жуық адам жұмыс істейді. Оларға алдағы сайлау науқанының маңызы түсіндірілді.
