loader


«Байтақ» жасылдар партиясының белсенділері Шымкенттің тігін фабрикасында болды

«Байтақ» жасылдар партиясының белсенділері Шымкентте тігін фабрикасына ат басын бұрды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаладағы сайлауалды штаб өкілдері еңбек ұжымымен кездесіп, саяси құрылым тұғырнамасының негізгі бағыттарын таныстырды. Елде жүргізіліп жатқан саяи және экономикалық реформалар төңірегінде ой өрбітіп, алдағы науқанның маңыздылығы туралы пікір алмасты. Партия өкілдері қоршаған орта мен экологиялық мәселелерге қатысты жұмысшылардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, сауалдарына жауап берді. Жалпы партияның Республикалық және өңірлерлік штабтары кестеге сай жұмыс істеп жатыр. Үгіт-насихат жұмыстары кезінде тиісті заң талаптары қатаң сақталып отыр. Штаб жұмыстарына білікті мамандармен қатар волонтерлер де тартылған.

Сондай-ақ...