loader


«Ақ жол» партиясы Павлодарда еңбек ұжымымен кездесу өткізді

«Ақ жол» партиясынан кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар Павлодар қаласының кәсіпкерлерімен кездесіп, сайлауалды тұғырнамасын таныстырды. Жиында шағын және орта бизнестің даму қарқыны, кәсіпкерлікті қолдау жайы айтылып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Өңірдің азаматтары өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, жауап алды.

Мұнан соң партия өкілдері Павлодар механикалық зауытына барды. Кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездесіп, саяси науқан жайлы әңгімелесті. Сайлаудың мән-маңызы түсіндіріліп, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ...