Respublica партиясының өкілдері Қарағанды қаласындағы бірнеше өндіріс орындарын аралап, жұмысшылармен кездесті.
Кездесуде маман даярлау және өндірістегі қауіпсіздік мәселелері көтерілді. Кеншілерді алаңдататын сұрақтарға жауап беріп, тәжірбиелерімен бөлісті. Мұнан соң, партия өкілдері өңірдегі тігін фабрикаларының біріне тоқтап, жұмыс барысымен танысты. Мұнда әлеуметтік жағдайды жақсарту жайында әңгіме өрбіді. Кейін кандидаттар металл өңдеу зауытына барып, қала экологиясын талқылады.
Айдарбек Қожаназаров, Respublica партиясының төрағасы:
- Біріншіден, ол экология мәселесі. Әсіресе жаңа жолда келе жатсақ, қарлардың бәрі қап қара. Қардың үстіндегі қара дақ сияқты біздің Теміртау тұрғындарының өкіпесі де сондай қара.
