Қазақстан халық партиясы аймақтардағы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Бүгін ұйым төрағасы Ермұхамет Ертісбаев бастаған топ Павлодарда еңбек ұжымдарымен кездесті. Солардың бірі күйдірілген мұнай коксын өндіретін зауыт. Жалпы саяси науқан басталғалы кандидаттар екі мыңнан астам іс-шара өткізген. Бұл жиындарға 17 облыс пен республикалық маңызға ие 3 қаланың 600 мың тұрғыны қатысқан. Кандидаттар сайлаушыларға партияның бағдарламасын таныстырды. Аймақтарды дамыту бойынша бұқараның сауалына құлақ асып, ұсыныс-тілектерін тыңдады.
Ермұхамет Ертісбаев, «Қазақстан Халық партиясы» ҚБ төрағасы:
- Мен тұрған Павлодардағы мұнай коксын өндіретін кешен өңірдің, еліміздің дамуына өз үлесін қосуда. Жұмысшылардың еңбек жағдайымен таныстық. Қаладағы басқа да бизнес өкілдері, қоғам белсенділерімен кездесіп түрлі ұсыныстар тыңдалды.
