loader


ЖСДП Павлодар облыстық штабындағы жұмысы қарқынды жүріп жатыр

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Павлодар облыстық штабындағы жұмыс қарқынды жүріп жатыр.

Саяси ұйым мүшелері үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда. Олар бүгін Екібастұз тұрғындарының көптеп шоғырланатын орындарында парақшаларын таратып, плакаттарын ілді. Сайлаушыларға сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Штаб басшысының айтуынша, бұл науқанға 100-ге жуық волонтер жұмылдырылған. Мұндай шаралар еліміздің барлық өңірінде жүріп жатыр.

Ажар Сағандықова, ЖСДП Павлодар облыстық штабының басшысы:

- Облыс бойынша күніне 2-3 мыңға жуық үгіт парақшаларын арнайы тақтайшалар мен көпқабатты үйлердегі хаттама жәшігіне орналастырамыз. Барлығы сайлау заңнамасына сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Сайлауалды бағдарламамыз бен жалпы науқанның маңыздылығын түсіндіреміз.

Сондай-ақ...