Сондай-ақ мемлекет басшысы сапар барысында Ақсай қаласындағы бірнеше нысанды аралады.
Соның бірі, «Petrolvalves» компаниясы. Мұнда мұнай-газ саласына қажетті өндірістік клапандар күрделі жөндеуден өтеді. Енді компания осы өнімді өндіруге кіріспек. Ол үшін бөлшектер шығарылып жатыр, бірте-бірте толық циклға көшеді. Соңғы 20 жылда Қазақстан 45 мыңнан астам клапанды сырттан сатып алғанын ескерсек, оған отандық нарықта сұраныс көп. Кәсіпорын директорының ендігі бір тілегі – мұнай саласының Қарашығанақ, Қашаған, Теңіз секілді алыптары Қазақстандық өнімге бет бұрып, тапсырыс берсе дейді. Президент зауытты аралап көріп, қызметкерлермен жүздесті, жаңа әрі жас кәсіпорынның жұмысына сәттілік тіледі.
«Қазіргі таңда ішінде бір клапанды тексеруге дайындалып тұр. Бұл Мейіржан деген осы жердің операторы. Машиналарды басқарады».
Мемлекет басшысы Ақсай қаласындағы Жастар ресурстық орталығына да барып, өңірдің белсенді жастарымен кездесті. Жастар өз жетістіктері туралы президентке айтып берді. Мысалы, Кристина Омельяшко «Бизнес бастау» бағдарламасымен грант алып, тоқыма бұйымдарын шығарса, Диёр Нуруллаев «Серпін» бағдарламасы бойынша Ақсайға келіп, физика пәнінен сабақ беріп жүр. Ол президентке өз өтінішін де жеткізді, Ақсай секілді моноқалаларда жас мамандарды баспанамен қамтамасыз етуді сұрады.
Диёр Нуруллаев, мектеп мұғалімі:
- Түркістан облысының тумасымын, ұлтым өзбек. +мен сияқты жолдама бойынша келген жас мамандар баспана сатып алу мәселесі бойынша кішігірім мәселеге ұшырап жатыр. Сондықтан да, Ақсай қаласы сияқты моноқалаларға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы енгізілсе деген ұсынысы білдіргім келеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Өте дұрыс мен жастарды қолдаймын. Мен жастарға сенемін. Кедергі болмайды. Дарынды жастарға жол ашып береміз+біз әрқашан да әскер адамдарды, еті тірі жастарды біз қолдай береміз. Бұл біздің негізгі мақсатымыз, негізгі саясатымыз.
