loader


Қызылорда облысында сайлауға дайындық пысықталды

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының аймақтарға сапары Қызылорда облысында жалғасты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нұрлан Әбдіров сайлау комиссиясы мүшелері мен мемлекеттік орган басшыларына семинар-кеңес өткізді. Өңірде 516 сайлау комиссиясы жұмыс жасайды. 3382 комиссия мүшесі бар. Облыс бойынша 486 мың азамат дауыс беруге құқылы. Басқосуда сайлауды ұйымдастыруға қатысты маңызды мәселелер мен дайындық барысы пысықталды. Мұнан соң Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің құқықтану мамандығында оқитын студенттер сайлау процесінің ерекшеліктері, дауыс беру тәртібі туралы практикалық ойын көрсетті.

Сонымен қатар Нұрлан Әбдіров аумақтық сайлау комиссия мүшелерімен кездесіп, пікір алмасты. Сайлау науқаны барысында кездесетін сауалдарға да жауап берді.

Мұхтар Ерман, Орталық сайлау комиссиясының хатшысы:

- Дәл бүгінгі іскерлік ойынға тоқтайтын болсақ, барлық сайлау процесін учаскенің ашылып-жабылғанына дейін көрсеткен болатын. Әрбір осы сайлау процесіне қатысы бар азамат комиссия мүшесі болсын, сайлаушы болсын, байқаушы болсын немесе сенімді өкіл болсын, әркім заңды білу керек, өзінің құқын білуі керек және пайдалана білу керек.

Сондай-ақ...