loader


«Ауыл» партиясының ел батысындағы жұмыс сапары жалғасып жатыр

Кандидаттар Қобда ауданындағы «Әлия» патриоттық тәрбие беру орталығына барып, батыр қыздың рухына тағзым етті.

Ауданның аграрлық қарқынымен танысып, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Онан соң Орал қаласында Мәншүк Мәметова атындағы мемориалдық мұражайға соғып, Кеңес Одағы батыры туралы тың ақпарат алды. Қазақтан шыққан тұңғыш ұшқыш қызымыз Хиуаз Доспанова оқыған мектепті де көрді. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-технологиялық университетінің ұжымымен кездесті. Тағы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында жиналыс өткізіп, саяси ұйымның тұғырнамасын түсіндірді. Қала іргесіндегі құс фабрикасы мен ет өңдеу цехының жұмысшыларымен жүздесті. Партияның алдағы жұмыс сапары еліміздің оңтүстігінде жалғасады. Оның ішінде Алматы, Түркістан және Қызылорда облыстары қамтылады.

Сондай-ақ...