loader


Қытайда Қазақстандағы сайлау талқыға түсті

Мәжіліс және Мәслихат сайлауы Қытайда қызу талқыға түсті.

Қазақстанның Қытай Халық республикасындағы елшісі Шахрат Нұрышев жергілікті журналистермен кездесіп, саяси науқан жөнінде айтты. Аралас пропорционалды-мажоритарлық жүйені енгізу, әйелдер, жастар және ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін 30 пайыздық квота белгілеу шешімі қытайлық БАҚ өкілдерінің қызығушылығын тудырды. Екі ел арасындағы дипломатиялық қатынас туралы да айтылып өтті. Қазір,  визалық шектеулерді өзара алып тастау туралы келіссөздер жүріп жатыр.

Байбо, "Beijing Daily" тілшісі:

- Қазақстан Қытай үшін маңызды көрші, жан-жақты стратегиялық серіктес. Сондықтан бұқаралық ақпарат құралдары да, қарапайым адамдар да Қазақстандағы саяси процестерге көп көңіл бөледі.  Биыл "Бір белдеу – бір жол" бастамасына 10 жыл толады, оның бастапқы нүктесі - Қазақстан. Екінші жартыжылдықта Қытайда жоғары деңгейдегі "Бір белдеу – бір жол" форумы өтеді. Бастаманың өзі де, форум аясында да біздің қарым-қатынасымыз одан да тығыз және жемісті болады деп үміттенемін.

Сондай-ақ...