loader


Сайлауда дауыс беру құқығы бар азамат саны 12 миллионнан асты

Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары сайлауында дауыс беру құқығы бар азаматтардың саны 12 млн асты. 

Додаға түсетін партиялар мен кандидаттардың саны да аз емес. Мәселен, Астана, Алматы секілді ірі қалаларда бір округке 40-тан астам үміткер тіркелген. Сондықтан саяси науқанды тиісті деңгейде өткізу басты назарда. Ол үшін сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби біліктілігін арттыру маңызды. Осы мақсатта республиканың әр өңірінде ұйымдастырылып жатқан көшпелі семинар кеңес  бүгін Ұлытау облысында жалғасты.  Шара барысында сайлау комиссияларының мүшелері мен кандидаттардың сенімді өкілдеріне алдағы саяси науқанның басты ерекшеліктері түсіндірілді.

Сабила Мұстафина, ОСК мүшесі:

- Саяси науқан «Сайлау туралы» конституциялық заңға сәйкес өтуі керек. Семинардың пікір алмасу форматында өтетін екінші кезеңінде осы талаптар талқыға түседі.  Онда дауыс беру процесін өткізу аспектілері мен  сайлау комиссиясы мүшелерінің  қызметі туралы да пікір алмасамыз.

Сондай-ақ...