Қазақстан Халық партиясының өкілдері Атыраудағы нан фабрикаларының бірінде болды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Кешен осыдан 3 жыл бұрын ашылған. Кандидаттар өндіріс барысымен танысты. Кәсіпорында нан және нан өнімдерімен қатар қалбырланған ет, макарон, ұн шығарылады. Партия өкілдері жұмысшыларға сайлауалды бағдарламасын таныстырып, басты бағыттарына тоқталды. Мамандардың ой-пікірін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.
Кубентаева Людмила, «Қазақстан Халық партиясы» ҚБ мүшесі:
- Мұғалімдермен кездестік, дәрігерлермен кездестік. Ауыл шаруашылығы жұмысшыларымен кездестік. Сонымен бірге сауда орындарында. Сайлаушылар барлығын ортаға салып, өздерінің сауалдарын жолдап жатыр.
