Ботаникалық саябақтағы іс-шараға саяси ұйым басшылығы мен белсенділер және спорт жанкүйерлері қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Марафонға қатысушылар 2,5-нан 5 шақырымға дейін жүгірді. Одан кейін партия өкілдері жиналғандарға сайлауалды бағдарламасын таныстырып, елде жүргізіліп жатқан саяси реформа жайлы ой бөлісті. Сауалдарға жауап беріп, алдағы науқанның маңыздылығына тоқталды.
Азаматхан Әміртаев, «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы:
- 100 шақты адам қатысты. Негізгі біздің мақсатымыз – осындай қоғамдық жұмыстарды жиі жасау. Елімізде үгіт-насихат жұмыстары жүріп жатыр. Әртүрлі қоғамдық жұмыстар жан-жақты жүріп жатыр.
