loader


Шымкентте сайлауға дайындық пысықталды

Алдағы сайлауда шымкенттік тұрғындардың 54 %-ке жуығы, яғни 639  мыңнан астамы дауыс беру құқығына ие. Осыған дейінгі өткізілген науқаннан 5 мың адамға көп. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров жергілікті атқарушы орган өкілдерінің қатысуымен өткен көшпелі семинарда айтты.

Жиында Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу мен оған дайындық жұмыстары пысықталды. Бұл жолы шаһарда сайлау учаскелерінің де саны артып, 354-ке жетті.

Мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету үшін барлық учаске қажетті құрылғылармен жабдықталды. Дауыс берушілерді ақпараттандыру үшін аудандық әкімдіктер жанынан Cаll-орталықтары іске қосылды.

Нұрлан Әбдіров, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы

- Мүгедектігі бар адамдар алғашқы рет осы сайлауда кемінде 30% квотаның ішіне әйелдермен бірге және жастармен бірге осы санаттағы адамдарға кіріп отыр. Және ол саяси додада жеңетін болса, Мәжіліске кіретін тізімнің ішінде болуы керек. Ол – шарт.

 

Сондай-ақ...