«AMANAT» партиясы 8 наурыз – әйелдердің халықаралық мерекесіне орай концерт ұйымдастырды.
Іс-шара елордадағы сауда ойын-сауық орталығында өтті. Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарының алдында танымал қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Іс-шара барысында «AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабының мүшелері отандастарымызды мерекемен құттықтап, партияның бағдарламасы жайлы ақпарат берді. Үгіт-насихат науқаны басталғалы бері аманат өкілдері өңірлерді аралап, халықпен кездесуді жалғастыруда.
Елнұр Бейсенбаев, «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы:
- Біз қазақ халы сонау тарихы терең Асан Қайғының Жерұйығын армандаған, Әл-Фарабидің қайырымды қаласын місе тұтқан, Абайдың ізгі ұрпақ тәрбиелеуін алға қойған. Кеше ғана Алаш қайраткерлерінің егемендік үшін, ұлттық мүдде үшін күрескен, місе тұтқан, осындай ұрпақпыз.
