«Байтақ» жасылдар партиясының өкілдері Алматыда экологтармен бас қосты.
Кездесу барысында саяси ұйымның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, экобелсенділердің сауалдарына жауап берді. Жаңару бағытында елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформа төңірегінде әңгімелесті. Сарапшылар мегаполистің экологиялық мәселелеріне қатысты ой-пікірлерімен бөлісіп, партияның бұл бағыттағы жобалармен танысты. Кездесу аясында қатысушылар жасыл энергетика, таза ауызсу және тұрмыстық қалдықтарды өңдеу бойынша тың идеяалар ұсынды. «Байтақ» партиясының республикалық және аймақтағы штабтары бекітілген кестеге сәйкес халықпен кезедсулерін жалғастырып жатыр. Бүгінгі күні 3 жарым мыңнан астам іс-шара ұйымдастырлып, оларға миллионға жуық адам тартылды. Республикалық маңызы бар қалалар мен облыстарда үгіт-насихат жұмыстарына волентерлер де ат салысуда. Аймақтардағы халық санына қарай 200-ге дейін ерікті тартылған.
