Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының республикалық штабында жиын өтті.
Депутаттыққа кандидаттар сайлауалды науқанын жүзеге асыру бойынша бағдарламасы мен алдағы жоспарын тағы бір пысықтап алды. Жұмыстарының аралық қорытындысын шығарып, алдағы аптаға міндеттерін айқындады. Жалпы саяси ұйымның үгіт-насихат парақшаларын таратып, плакаттарын ілуге мыңнан аса волонтер жұмылдырылған. Еліміздің барлық аймағындағы штабтар жұмысын тоқтатқан жоқ. Бүгінге дейін саяси ұйым мүшелері 500-ден астам іс-шара өткізді.
Талғат Омаров, ЖСДП мүшесі:
- Үш апталық жұмыстың қорытындысына келдік. Жоспарлаған 500 іс-шараны өткіздік, қазір енді осы соңғы аптада 300 шара жоспарлап отырмыз. Мыңнан астам волонтеріміз бар. 20 өңірде 20 филиалымыз бар. Үгіт-насихат қағаздары, газеттері барлық өңірге жетті толық. Көбісі таратылды.
