Мемлекет басшысы Әділет министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әділет министрі Азамат Есқараевты қабылдады.

Министр Президентке әділет органдары қызметінің нәтижелері және алдағы жоспар туралы есеп беріп, реформа жүргізілетін бағыттарды таныстырды. Сонымен қатар Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерді тексерудің аяқталғанын мәлімдеді. Осы ретте мыңнан астам бап пен 1200 ұсынысқа талдау жүргізілді. Нәтижесінде азаматтар мен кәсіпкерлер құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелерін ескеретін және бизнесті негізсіз қылмыстық қудалауға жол бермейтін тиісті заң жобасы әзірленді. Заңнаманың сапасын арттыру үшін кешенді шаралар қабылданып жатыр. Сондай-ақ Президент Әділет министрлігіне қарасты мәселелер мен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және цифрландыру шараларын қамтитын 12 жобамен танысты. Мемлекет басшысы министрлікке бірқатар тапсырма берді.