loader


800-ге жуық шетелдік байқаушы Қазақстандағы сайлау науқанын бақыламақ

Бүгін сағат 18:00-де шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың атынан қатысатын байқаушыларды аккредиттеу тоқтады.

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында мәлім болды. Комиссия хатшысы Мұхтар Ерман 41 шет мемлекет пен 12 халықарлық ұйымнан ұзын саны 793 байқаушы ресми тіркеуден өткенін жеткізді. Осылайша  шет елдерден 131, ал халықаралық ұйымдардан 662 адам Қазақстандағы сайлау процесін байқайтын болады. Сонымен қатар, заңға енгізілген өзгертуге сай, сайлауға қатысу үшін ұлттық байқаушылар да ресми тіркеуден өтуі тиіс. Бүгінге дейін  аймақтардағы сайлау комиссиялары 201 ұйымды тірсеке, орталық сайлау комиссиясы 10 республикалық қоғамдық бірлестікті аккредиттеген.

ОСК: 10 республикалық ұйым тіркеуден өтті

Анастасия Щегорцова, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

- Бұл «HAQ», «Еркіндік қанаты», «Ел дауысы», «Азаматтық қорғау», «Electios&Democracy», «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы», «Ұлы көш», «Мұқалмас», «Жастар үні» және Қазақстанның жастар ақпараттық қызметі қоғамдық қоры. Олар елдің барлық 20 аймағында байқауды жүзеге асыра алады. Аймақтық сайлау комиссиялары 201 ұйымға аккредиттеу туралы куәлік берді.

Сондай-ақ...