loader


Respublica партиясы Маңғыстау облысында жүздесулер өткізді

Respublica партиясының үгіт-насихат жұмыстары Маңғыстау облысында жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жүздесулер сауда үйлерінен басталды. Партия өкілдері қаладағы бірнеше базарды аралап, саудагерлермен сөйлесті. Сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, саяси науқанға қатысуға шақырды.

Сондай-ақ республикашылар мұнай-газ өндрісімен айналысатын кәсіпорынға бас сұқты. Жұмысшылармен пікір алмасып, өндіріс саласындағы мәселер жайын талқылады. Амал мерекесімен тұспа-тұс келген кездесулерде партия өкілдері көпшілікке жылы лебіз білдіріп, сәттілік тіледі.

Нұржігіт Нұрболатұлы, Respublica партиясы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы:

- 13-14 наурызда Маңғыстау өңірінде болып, осы жерде сайлауалды насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр. Кеше Отпантауға барып, ақсақалдармен, халықпен, елмен көрісіп, амандасып келді. Барлығы 2 Күннің ішінде шамамен 2 мыңға жуық адамға үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ...