Қазақстан Халық партиясының өкілдері сәулетшілермен кездесті. Жиын «Алматы бас жоспары» ұйымының кеңсесінде өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Мекеме 2009 жылы құрылған. Оның қызметкерлері қаладағы тұрғын үйлер, бизнес-орталықтар, мәдениет және спорт нысандары, демалыс орындарының ғимараттарын жобалаумен айналысады. Кандидаттар оларға өз тұғырнамасын түсіндіріп, мегаполистің дамуына қатысты сұрақтарды талқылады.
Қазақстан Халық партиясы саяси науқан басталғалы Алматыда 200-ден астам кездесу өткізді.
Тұрар Рысқұлов, «Қазақстан Халық партиясы» ҚБ мүшесі:
- Алғашқы кездесулеріміз кәсіпкерлермен орын алды. Содан кейін бізде дәрігерлермен, мұғалімдермен және байкерлерменде кездесу болған. Сондай-ақ спорттық марафон өткен болатын, ол жерде спортшылардың арасында үгіт-насихат жүргізіп, сайлауалды бағдарламамызбен таныстырған болатынбыз.
