«Байтақ» жасылдар партиясының республикалық штабы Түркістан облысында көрісу күнін атап өткен іс-шараға қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Пенденің аузы аққа, мал аузы көкке тиген шақтағы мерекеге «Абай-Жидебай» халқаралық қоғамдық қоры мұрындық болды. Түлкібас ауданындағы іс-шара аясында ел ағалары мен ақ әжелер көрісіп, қыстан аман-есен шыққандарын айтып қауышты. Ақ тілек, бата берді.
Шығыс күнтізбесі бойынша, наурыздың басталуы күн мен түн теңеліп, амал кірген сәтте Тоқты шоқжұлдызы туады деген ұғым қалыптасқан. Мерекелік көңіл-күй аясында саяси ұйым өкілдері жиналғандармен әңгімелесіп, алдағы науқан төңірегенде пікір алмасты.
Қайрат Айтбай, «Байтақ» жасылдар партиясы Республикалық штабының басшысы:
- Қазақстанның түкпір-түкпірінен келіп жатыр. Семейден келіп жатыр. Атыраудан келіп жатыр. Қызылордадан келіп жатыр. Түркістаннан келіп жатыр. Жамбыл, Тараздан келіп жатыр. Өзіміздің бағдарламамызды түсіндіріп жүрміз. Ел-жұрттың көңілі көтеріңкі. Сайлауға деген дайындықтары өте жақсы.
