loader


Еуроодақ елімізбен энергетикалық диалог аясында ынтымақты күшейтуге ниетті

Еуропалық Одақ пен Қазақстан ғаламдық энергетикалық диалог аясында ынтымақты күшейтуге ниетті.

Бұл туралы Брюссельде өткен энергетика, көлік, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі жөніндегі Кіші комитеттің 6-отырысында мәлім болды. Қос тарап энергия үнемдеу және энергия тиімділігі мәселелері бойынша пікір алмасты. Біздің ел 2030 жылға қарай баламалы энергия үлесін 3 есе арттыруды көздеп отыр. +снх

Талғат Қарашев, ҚР Энергетика министрлігі халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры:

- Біз өз жағымыздан 30 жылға дейін 15 пайызға дейін өсірейік деп жатырмыз. Биыл көрсеткіш 4,5 пайыз болса, енді 2030 жылға дейін 15 пайыз болуы керек. Бұл энергетиканы дамыту үшін технологиялар керек. Бұл жерде лидер Қытай болса, енді Еуропа да өзінің технологияларын енгізіп жатыр. 

Андреа Росси, Еуропалық Сыртқы істер қызметінің Орталық Азия бойынша бөлім басшысының орынбасары:

- Жасыл экономикаға көшу - Еуроодақ пен Қазақстан үшін басым бағыт. Былтыр қос тарап шикізат материалдары туралы меморандумға қол қойды. Ал биыл оны жүзеге асыруға бағытталған Жол картасын бекітуді жоспарлап отырмыз.

Сондай-ақ...