Президент жұмыс сапарымен Анкараға барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Анкараға барды. Президент мінген ұшақ кеше кешкісін Түркия астанасының әуежайына қонды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитіне қатысады. Бұнда апат пен төтенше жағдайлар кезінде елдер бір-біріне гуманитарлық көмек көрсетудегі басым бағыттарды қарап, талқылайды. Сондай-ақ сапар барысында Қазақстан мен Түркия Президенттері кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.