loader


«Ауыл» партиясы шаруалардың басқосуына ұйытқы болды

Жетісу облысының Панфилов ауданында шаруалар бас қосты.

Жаркент қаласында өткен жиынға орман және мал шаруашылығымен айналысатын фермерлер мен диқандар қатысты. Онда елді мекендерде шаруа қожалықтарын дамыту, қолжетімді несие алу және ауылдық жерлерді көркейту амалдары талқыланды. Шараның өтуіне "Ауыл" халықтық демократиялық патриоттық партиясы ұйытқы болды. Кандидаттар сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, халықты сайлауға қатысуға шақырды. Саяси науқанның маңыздылығын айтты. Делегация өкілдері тағы аудан орталығындағы крахмал-сірне зауытына да барды. Еңбек ұжымымен кездесіп, саяси бірлестіктің бағдарламасын түсіндірді. Өндіріс цехтарына соғып, еңбеккерлерімен әңгімелесті. Партия өкілдері жұмыс сапарын ертең Шымкент қаласында аяқтайды.

Тоқтарбек Мұрат, Жаркент қаласының тұрғыны:

- Алда болатын сайлауға қатысамын. Әрбір адамды қатысуға шақырамын. Әр адам өзінің даусын беруі керек. Бұл өзінің құқығы. Бәріміз дауыс берейік.

Сондай-ақ...