loader


Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың нәтижесі 10 күн ішінде шығады

Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың нәтижесі 10 күн ішінде шығады. Ал мәслихатқа үміткерлердің нәтижесі 7 күнде белгілі болады.

Мұны «Адал сайлау үшін» республикалық қоғамдық штабының мүшесі Думан Жанпейісов айтты. Штаб өкілдері, бүгін дауысты санау және сайлау қорытындысын жариялауға қатысты брифинг өткізді.

Думан Жанпейісов, «Адал сайлау үшін» республикалық қоғамдық штабының мүшесі:

- Сайлау таңғы 7-ден кешкі сегізге дейін жүреді. Сосын дауыстарды санау үдерісі басталады. Сол кезде барлық қатысушыларға көрінетіндей жағдай жасалуы керек. Әрбір кандидатқа, әрбір партияға дауыс беру нәтижелері анықталғаннан кейін оның барлығы хаттамаға толтырылады. Ол хаттама барлығына көрінетін жерде, сол учаскеде ілінеді және де ол 2 күн сол жерде қолжетімді болады, яғни адамдар дәл осы сайлау учаскесінде сайлау нәтижелері қандай болды десе сол хаттамамен таныса алады.

Сондай-ақ...