Фолькер Тюрк еліміздің Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасарымен кездесті

Фолькер Тюрк еліміздің Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаровпен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әңгіме барысында мәртебелі мейман БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі басқармасы Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларға, соның ішінде балаларды қорғауға қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Басқосуда құқық қорғаушыға Қазақстанда былтыр Конституцияға енгізілген түзетулерге сәйкес жүрігізіп жатқан өзгерістер таныстырылды. Атап айтқанда, Парламент өкілеттілігін күшейту, саяси партияларды тіркеу процесін жеңілдету, сайлау заңнамасын жетілдіру бағытындағы іс-шаралар туралы айтылды.

Жұмыс сапары барысында Фолькер Тюрк Конституциялық соттың төрағасы, Адам құқықтары жөніндені уәкіл, сондай-ақ азаматтық сектор өкілдерімен кездесулер өткізді. Сонымен қоса қазақстандық студенттерге дәріс оқыды.