Партия өкілдері жергілікті тұрғындармен жүздесіп, өздерінің сайлауалды бағдарламаларын таныстырды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Саяси науқанның маңызын түсіндіріп, жиылған қауымды белсенділік танытуға шақырды.
Сондай-ақ партия жетекшілері атқарған жұмыстарының қортындысын жасап, халықты көбінде қандбай мәселелер толғандыратынын талқылады. Маңызды тақырыптар көтерілген басқосуға облыстағы белсенді ақсақалдар да қатысты. Республикалықтармен ой бөлісіп, пікір алмасты.
Айта кетейік, үгіт-насихат жұмыстары басталғалы Respublica партиясының қатарына қосылуға 507 мың қазақстандықтан өтініш түскен.
