Халықаралық байқаушылар Қазақстанның сайлауға дайындығына баға берді

Елдегі саяси науқанды бақылау үшін келген халықаралық байқаушылар Қазақстанның сайлауға дайындығына баға берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның бірі – Моңғолия Орталық сайлау комиссиясының төрағасы мен Моңғол парламентіндегі қазақ Бейсен Бұланұлы. Ол Қазақстандағы саяси науқанды бақылауға алғаш рет келіп отырғанын айтады. Меймандар сайлау өтетін күні Астанада болып, 6 бірдей учаскедегі дауыс беру барысын бақылайды.

Еске салсақ, Бейсен Бұланұлы – Моңғолия парламентіндегі этникалық 3 қазақтың біреуі. Ол парламентке осы елдің демократиялық партиясы атынан түсіп, халық таңдауына ие болған. Білікті дәрігер, елдегі демократиялық қадамдарға жоғары баға берді.

Бейсен Бұланұлы, Моңғолия парламентінің мүшесі:

- Сіздерде бұрын сайланғандар қайтадан сайлана беретін, осы жолы осы жолы парламент 70%-ке жасарыпты. Екіншіден, ауысқан екен. Бұның өзі – демократия. Сайлау процесі демократиялық түрде жүріп жатқанының мысалы – осы.