Қарағандыдағы сарбаздар саяси науқаннан тыс қалған жоқ
Қарағандыдағы сарбаздар да саяси науқаннан қалыс қалған жоқ.
Ұлттық Ұланға қарасты 6505 әскери бөлімінің 160-тан астам жауынгері бүгін өздерінің конституциялық құқықтарын пайдаланып, қалаған үміткерлеріне дауыс берді. Ал жалпы Қарағанды горнизоны бойынша үш бірдей әскери бөлімнің 1400-ге жуық жауынгері таң атпастан өз таңдауын жасаған.
Ерболат Нақыпов, 6505 әскери бөлімінің сарбазы:
- Мен ойлаймын сайлауға қатысу баршамыздың азаматтық борышымыз деп. Мемлекеттік өмірге қатысу керек болса оны өзімізден бастау керекпіз. Яғни өзгерісті өзімізден бастаймыз. Біз Ұландықтар бүгін өз таңдауымызды жасадық. Ұлттық Ұлан өңірлік қолбасшылығы 6505 әскери бөлімінің жеке құрамы бүгінгі сайлауға белсенді қатысып, өздерінің болашақтары үшін таңдау жасады.