Германияда үш сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр

Германияда үш сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр

Германиядағы отандастарымыз үшін 3 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр.

Олар Берлин, Майндайғы Франкфурт және Мюнхенде ашылған. Сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, жалпы 400-ге жуық қазақстан азаматы дауыс беру құқығына ие. Олардың қатарында студенттер, германияда жұмыс істейтін азаматтар, сондай-ақ дипломаттар мен олардың отбасы мүшелері бар. Учаскіге алғашқылардың бірі болып Германияға гастрольдік сапармен барған "Арайлы Ақтөбе" ансамблінің өнерпаздары келді. Неміс елінде жергілікті уақыт бойынша таңғы 7-де ашылған сайлау орындары кешкі 20:00-де жабылады. Содан кейін комисия мүшелері бірден дауыс санауға кіріседі.

Нұртас Омаров, Ғ. Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы басшысыныің орынбасары:

- Германияға концерт қою үшін келдік. Берлинде, сосын Магдебургте сәтті өнер көрсеттік. Бүгін үйге қайтпақпыз, бірақ рейске дейін азаматтық парымызды өтейік деп осында келдік. Бүгін еліміз үшін өте маңызды күн".

Шолпан Шынасылова, №247 сайлау учаскесі комиссиясының төрайымы:

- Германияда бүгін 3 сайлау учаскесін аштық. Олар Берлиндегі Қазақстан елшілігінің жанынан №247, Майндағы Франкфуртте Бас консулдықтан №269 және Мюнхендегі Бас консулдық жанынан №412 учаскелер. Берлинде 200-ден астам сайлаушы келеді деп күтеміз. Студенттеріміз де белсенді болады және алдыңғы сайлаулардағыдай көп адам қатысады деп сенеміз.