Respublica мен Жалпыұлттық социал-демократиялық партияларына сайлау жарнасы қайтарылады
Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина хабарлады.
Өйткені 2 саяси ұйым да 5%-тен астам дауыс жинаған. Бұдан бөлек, саяси додаға түскен 104 бір мандатты кандидатқа да төлеген жарнасы қайтарылатын болады.
Еске салсақ, Конституциялық заңға сәйкес егер кандидат депутат болып сайланса немесе қайтыс болған жағдайда төленген жарна қайтарылуы тиіс. Ол заңнамада белгіленген ең төменгі жалақының 5-тен 15-ке дейінгі еселенген мөлшерін құрайды.
Сәбила Мұстафина, ОСК мүшесі:
- Respublica мен Жалпыұлттық социал-демократиялық партияларына сайлау жарнасы қайтарылады. «Байтақ» жасылдар партиясы межеленген дауысты жинай алмады. Ал басқа саяси ұйымдар сайлау жарнасын төлеген жоқ. Бұрын Мәжіліс сайлауына қатысып, сайлаушылардың 5 және оданда көп процентін жинаған партиялар келесіде сайлау жарнасын төлемейді.
Сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясы Сайлау күні тіркелген заң бұзушылықтар туралы айтты. Комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіровтың сөзінше, заңсыз әрекеттерге жол берген 19 комиссия мүшесі қызметінен шеттетілді. Қазір олардың ісі Бас прокуратурада тексеріліп жатыр. Сонымен қатар 42 азамат заң бұзушылыққа жол берген. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.