Қ. Тоқаев: Су мәселесі ушығып кетуі мүмкін

Үкімет Су кодексінің жаңа жобасын әзірлеп жатыр.

Елімізде судың 65%-і ауыл шаруашылығы саласына жұмсалады. Соның 60%-ке жуығы құмға сіңіп кетеді. Мұндай ысырапшылдыққа жол беруге болмайды. Алдағы уақытта су мәселесі ушығып кетуі мүмкін. Жаңа тариф саясатына көшу қажет. Оны дереу қолға алмасақ, ахуал одан әрі күрделене түсетіні анық, - деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.