Инфляцияны тежеу қажет. Биыл оны екі есеге төмендету керек. Осылай деген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке тапсырма жүктеді.
Сондай-ақ елдегі азық-түліктің бағасын реттеу және ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттыру маңыздылығын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Инфляцияны тежеу қажет. Биыл оны кемінде екі есеге төмендету керек. Ең алдымен азық-түліктің бағасын реттеу аса маңызды. Сол себепті агроөнеркәсіп кешенін және сауда-саттықты дамыту – негізгі басымдықтың бірі. Ішкі нарықты өз өнімдерімізбен барынша қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру керек.
