Қ. Тоқаев: Инфрақұрылымды дамыту қажет

Инфрақұрылымды дамыту қажет. Энгергетика, су және көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралар қабылдануы тиіс. Мемлекет басшысы бүгін пленарлық отырыста бұл мәселеге де ерекше тоқталды.

Елде инфрақұрылымды дамыту мақсатында 25 жаңа су қоймасын салуды, бірқатар жобаларды жүзеге асыруды тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Инфрақұрылымды дамыту қажет. Энергетика, су және көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралар қабылдануға тиіс. Энергетикалық активтерді жаңғыртуға жақын арада жаңа инвестиция тарту керек. Бұл жұмысты «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы арқылы іске асыруға болады. Қазір тауар газының тапшылығы күшейіп барады. Үкімет еліміздің газ өңдеу қуатын арттыру үшін жаңа жобаларды жүзеге асыруға тиіс. Сонымен бірге 25 су қоймасын салып, суды барынша үнемдеу керек. Қазақстан тұрақты даму үшін Азия мен Еуропаны жалғайтын әлемдік көлік хабына айналуы қажет. Бұған дейін қолға алынған көлік және логистика жобаларын түгел уақтылы бітіру өте маңызды.