Президент атына Наурыз мерекесіне орай құттықтау жеделхаттары әлі келіп жатыр

Мемлекет басшысының атына Наурыз мерекесіне орай шет мемлекеттер мен халықаралық ұйым басшыларынан құттықтау жеделхаттары әлі де келіп түсіп жатыр.

Түркия Президенті Режеп Таийп Ердоған өз құттықтауында Наурыз Орталық Азиядан Балқанға дейінгі алып кеңістікте тойланатын ортақ дәстүр мен молшылық мейрамы екенін айтып, достығымыз бен бауырластығымыздың жарқын көрінісі екенін атап өтті. Татарстан Райсы Рустам Минниханов бауырлас татар халқының атынан жүрекжарды тілегін жолдады. Ол Наурыз мерекесі қазақ-татар халықтарының дамуына, өзара ынтымақтастығының кеңеюіне жол ашсын деп тілеймін, деп жазды. Сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Чжан Мин да өз құттықтауын жеткізді. Мемлекет басшысын Наурыз мейрамымен Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы, Шейх-уль-ислам Аллашүкір Пашазаде құттықтады.