Үкімет жастар саясатын күшейту үшін қаулы қабылдады
Үкімет мемлекеттік жастар саясатын күшейту мақсатында тиісті қаулы қабылдады.
Қаулыға сәйкес, кәсіптік білімі жоқ және жұмыссыз жүрген NEET санатындағы азаматтардың жұмысқа орналасуына көмек көрсетіледі. Сондай-ақ олардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін мәдени шаралар жүзеге асырылады. Бұдан бөлек жастарды жан-жақты дамыту индексін енгізу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда елімізде Ниит санатындағы жастардың үлесі 6,3 процент. Бұл өзге елдердің көрсеткішімен салыстырғанда төмен.