Президент мұнайлы өңірді дамытуға назар аударды

Мемлекет басшысы Жаңаөзенде болған жарылыс салдарын жою жұмыстарын тез арада бітіруді тапсырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Президент Маңғыстау облысының әкіміне моноқаланы дамытуға арналған кешенді жоспарды мейлінше жүзеге асыру қажет деді. Батыста жастар көбіне мұнайшы болғысы келетініне тоқталған Президент оларға басқа да кәсіптерді игеруіне жағдай жасау қажет деді. Себебі мұнай қоры шектеулі. Бүгінгі заманда ақпараттық технологияларды игеруге ден қою маңызды.