Шын мәнінде ел бірлігін нығайту үшін қызмет ету, ең жауапты әрі сауапты іс.
Қазақстан Халқы Ассамблеясының 32-ші сессиясында Мемлекет басшысы осылай деді. Қасым-Жомарт Тоқаев барша отандастарымызды, елдің береке-бірлігін бағалай білуге шақырды. ЕЛдікті бұзу, бірлікті шайқалту, бұл, заң алдында – қылмыс, құдай алдында – күнә. Осыны бәріміз терең түсінуіміз қажет», -деп атап өтті.
ЦИТАТА
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті:
«Халқымыздың ынтымақ-бірлігі – бұл тағдырдың бере салған сыйы емес. Бұл ең алдымен, жұртымыздың күнделікті табанды еңбегінің арқасы екенін дұрыс түсінуіміз керек. Сондықтан біз бірлігімізді күн сайын нығайтып отыруымыз қажет. Яғни татулық пен келісім халқымыздың өмір салтына айналуға тиіс. Әйтпесе, елдікті сақтап қалуымыз өте қиын болады. Жақсы тілек айту – халқымыздың қанына сіңген қасиет. «Жақсы сөз – жарым ырыс» деп бекер айтылмаған».
