Ерлан Қошанов Эмомали Рахмонмен кездесті

Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесті.

Қос тарап екі елдің парламентаралық ынтымақтастығын және екі жақты қарым-қатынасты нығайту жөнінде әңгімелесті. Әсіресе жастар, жас ғалымдар мен өнер саласы өкілдерінің арасындағы байланысты жоғары деңгейге көтеру жайында сөз болды. Президент Эмомали Рахмон да қос елдің депутаттарын өзара жиі кездесіп тұруға және тәжірибе алмасып отыруға шақырды.