loader


Президент боздақтардың рухына тағзым етті

Президент осы Ржев округіндегі Трубино деревнясына да барды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онда бауырластар зиратына гүл шоғын қойып, сұрапыл шайқас кезінде қаза тапқан және із-түзсіз жоғалған боздақтардың рухына тағзым етті. Бауырластар зиратында қолында автоматы бар жауынгердің мүсіні орнатылған. Ескерткіштің жанындағы таста «1941-1945 жылдары неміс-фашист басқыншыларынан Ржевті азат ету үшін болған шайқаста қаза тапқан 881-ші атқыштар дивизиясы мен 331-ші зеңбіректі артиллериялық полктің майдандас жауынгерлеріне» деп жазылған. Бұл жерде 2000-нан астам солдаттың сүйегі жатыр. Жерленгендер тізімінде Қазақстан Президентінің әкесінің ағасы – Қасым Болтаев та бар.