Үкімет жаздағы өрт қауіпсіздігін талқылады

Биыл жаз былтырғыдан ыстық болмақ.

Ал аптап құрғақшылық туғызады. Мұның соңында өрт көбеюі әбден мүмкін. Ал оған қаншалықты дайынбыз? Мәліметке қарағанда жергілікті атқарушы органдардың төтенше жағдайларға әзірлігі 70 пайыз ғана екен.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:

- Үкімет өткен аптада Қазақстанның солтүстігінде және Ресейдің шекаралас аймақтарында болған өрттің түтіні елордаға дейін жетті. Ал табиғи өрттерге қарсы дайындық шаралары талапқа сай болмай отыр. 03-00 Қазірдің өзінде кейбір өңірлерде күрделі жағдай қалыптасып отыр.

Өрттің алдын алу жұмыстары тиісті деңгейде атқарылмауынан кейінгі айдың өзінде бірнеше оқиға тіркелді. Бұл бірінші кезекте өрт қауіпсіздігіне жауапты органдар, төтенше жағдайлар қызметтері мен әкімдіктердің жұмысындағы кемшілік. Осылай деген Үкімет басшысы өрт қаупі басым аймақтарда төтенше жағдайлардың алдын алуға баса көңіл бөлуді тапсырды. Жыл басынан бері аймақтарда 122 орман өрті болып, 19 мың гектар аумақ жанып кеткен. Жақын маңдағы тұрғындар зардап шегуде. Жуырда Петропавл маңында 9 үй отқа оранды. 

Айдарбек Сапаров, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

- Күштер мен құралдар уақытылы пайдаланудың арқасында өрттің басқа объектілерге таралуына жол берілмеді. Нәтижесінде 25 үй аман қалды, 40 адам эвакуацияланды, өртенген және көрші үйлерден 40 газ баллоны жылдам шығарылды.

Биыл қауіпті кезең басталғалы  екі рет дала өрті тіркелді. Олардың жалпы ауданы 2500 гектарды құрады.

Ибрагим Күлшімбаев, ҚР Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі:

- Қабылданып жатқан шараларға қарамастан қазір өңірлердің орман шаруашылығы мекемелерінің толық әзірлігі туралы айта алмаймыз. Жалпы автоцистерналармен, өрт станцияларымен, мұнаралармен, сорғылармен жарақтандыру деңгейі жеткіліксіз болып отыр. Бұдан басқа орман мекемелеріндегі қолда бар техникасының 55%-ы пайдалану ресурсы тозған  болуы себебінен табиғи өрттер жоюға дайын емес.

Төтеншеліктер кейбір өңірлерде табиғатты қорғау және орман мекемелерінің жабдықталуы 50% - дан аспайтынын айтты. Сондай-ақ, табиғи өрттер 50% жағдайда адами фактордан болады. Сол себепті, тұрғындар арасында қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.

Зульфия Сүлейменова, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:

- Табиғатты қорғау мекемелерін материалдық-техникалық қамтамасыз етуге 8,2 млрд тг бөлінді. Бұл жарақтандыруды нормативтен 77%-ға жеткізуге және 2027 ж қарай 100% дейін аттыруға мүмкіндік береді. 10-51 Бұдан басқа, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап ориан қорғау мекемелері қызметкерлерінің жалақысы 100% артады.

Премьер-министр өрт қаупі жоғары жерлерде қосымша бақылау бекеттерін қоюды тапсырды. Мәселен, Бурабай ұлттық табиғи паркінің аумағында қолданылатын смарт-жүйенің арқасында былтыр өрт оқиғалары айтарлықтай азайған. Сол себепті табиғи өрттерді ерте анықтау жүйелерін белсенді енгізу көзделіп отыр.