Сенат жергілікті мәслихаттармен өзара байланысты арттырмақ
Депутаттар жергілікті жерлердегі реформалардың іске асырылуын бақылауға алуы тиіс.
Аймақтарда мәслихаттардың ролін арттыру қажет. Сенат спикері Мәулен Әшімбаев бұл туралы жергілікті өкілді органдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңес отырысында айтты. Қазіргі таңда басқару жүйесін орталықсыздандыру мәселесіне үлкен мән беріліп отыр. Осы бағытта жүргізілген әкімшілік реформалардың нәтижесінде Үкіметтің 500-ге жуық функциясы орталық мемлекеттік органдарға берілді. Сондай-ақ Сенат жергілікті мәслихаттармен өзара байланысты әрі қарай арттыра түспек. Осы бағытта «Өңір» депутаттық тобының құрамы жаңартылды.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- Көптеген енді бастамалармен Президентіміз шығып жатыр. Бизнесті дамытуға байланысты, өндірісімізді дамытуға байланысты, әлеуметтік мәселелерді шешуге байланысты. Сол үлкен бастамалардың барлығының тиімді жүзеге асырылуы ол Үкіметке байланысты, әрине. Бірақ Үкіметпен қатар Парламентке және мәслихаттарға байланысты. Біздің жұмысымызға байланысты. Біз бірге жұмыс істеуіміз керек, нәтижелі жұмыс істеуіміз керек. Проблемалар болса, оларды жасырмай айтуымыз керек. Түйткілдер болса, оларды көтеріп, олардың шешілуіне жұмыс істеуіміз керек. Осындай жиындарды пайдалануымыз керек.