Қазақстан мен Италия өзара ынтымақтастықты нығайтуға ниетті
Қазақстан мен Италия сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға ниетті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Мемлекет басшысы осы елдің премьер-министрі Джорджа Мелонимен телефон арқылы сөйлесті. Қасым-Жомарт Тоқаев алдымен Эмилия-Романья аймағында болған жойқын су тасқыны салдарынан тұрғындардың қаза табуына байланысты премьер-министрге және барша Италия халқына көңіл айтты. Сосын тараптар энергетика, көлік, өнеркәсіп кооперациясы, ауыл шаруашылығындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру жайын қарастырды.
Былтыр екі елдің өзара тауар айналымы 15 млрд долларға жуықтады. Біздің елде Италияның 270-тен астам компаниясы табысты жұмыс істеп жатыр.