Сенаторлар алматылық полициямен кездесті

Алматыда синтетикалық есірткі дайындайтын жасырын зертханалар бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жыл басынан бері құқық қорғаушылар 72 тонна прекурсор тәркілеген. Бұл шикізаттан ескірткі дайындайды. Бұл туралы қалалық полиция мен сенаторлар және мәслихат депутаттарымен кездесуінде айтылды. Қос тарап қаладағы қоғамдық қауіпсіздікті күштейту жолдарын талқылады. Кейінгі 5 айда Алматыдағы қылмыс көрсеткіші 33%-ке азайғаны айтылды.

Сенаторлар қазір Мәжілісте қаралып жатқан «Ескірткі заттарының заңсыз айналымы туралы» заң жобасының мән-жайын түсіндірді. Олар Қылмыстық кодекстің 296-бабы, 1-тармағын Әкімшілік кодекске ауыстыруды ұсынды. Тыйым салынған затты пайдаланғандарға қомақты айыппұл салып, міндетті сауықтырудан өткізген дұрыс, - дейді депутаттар. 

Андрей Лукин, ҚР Парламенті Сенатының Құқықтық комитет төрағасы:

- Президенттің бастамасы тек қана заңнамалық базаны өзгертумен шектелмейді. Оны халық арасында түсіндіру жұмыстары да маңызды. Осы мақсатта Сенат пен мәслихат бірлесе жұмыс істеу керек. Ал Мәжілістің қарауына өткен Ескірткімен күрес туралы заңды толықтыру мен өзгерістерін сараптап, қоғамға пайдалы ұсыныстарды қабылдау керек деп ойлаймын.