Тоқаев Ұлттық ғылым академиясының президентін қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылым академиясының президенті Күнсұлу Закарьяны қабылдады.
Кездесу барысында мемлекет басшысына академияның қызметі мен жоспары жөнінде есеп берілді. Тағы ғылым саласына қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Мемлекеттің ғылыми-технологиялық және экономикалық саясаты арасындағы өзара байланыстың нығаюына баса мән беру және ғылымды дамытудың жаңа тәсілдерін қолдану жөнінде сөз болды. Президент жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңес жұмыс істейді. Зерттеу жұмыстарын қаржыландыру тетіктері жетілдірілді. Қасым-Жомарт Тоқаев Күнсұлу Закарьяға талантты ғалымдарды ғылыми ортаға тарту жөнінде нақты тапсырмалар берді. Жас интеллигенцияның елді дамытуға елеулі үлес қосатынын атап өтіп, академия жұмысына табыс тіледі.
Күнсұлу Закарья, ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті:
- Бүгін мен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болдым. Қабылдауда президент жанындағы ҰҒА-ның бүгінгі күнгі жағдайы, 1,5 ай ішінде өткізілген жұмыстары және болашаққа арналған жоспарлар қарастырылды. Бүгінгі күні біздер Қазақстан Республикасы ғылым және технологиясы саясаты бойынша жаңа заңнама туралы негізгі бағыттарын қарап, оған қажетті ұсыныстарды бердік.